ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Теңге нығайып, доллар бағамы төмендеді

KASE-дегі соңғы сауда қорытындысы бойынша доллар 2,63 теңгеге арзандап, 474,08 теңгені құрады. Айырбастау пункттерінде де шетел валюталарының бағамы өзгеріп, теңгенің нығаю үрдісі байқалды.

Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша ұлттық валюта нығайып, доллар бағамы төмендеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Күндізгі сауда қорытындысында АҚШ долларының орташа бағамы 2,63 теңгеге арзандап, 474,08 теңгені құрады. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 476,97 теңге деңгейінде бекітілген.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 469,03 теңгеден сатып алынып, 476,03 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 555–565 теңге аралығында болса, рубль 6,20–6,50 теңге шамасында. Ал юань 68,48 теңгеден сатып алынып, 74,28 теңгеден сатылуда.

Ал Алматы қаласында доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 473,48 теңге, сату бағамы 475,74 теңге. Еуро 557,15–562,61 теңге аралығында саудаланса, рубль 6,20–6,31 теңге деңгейінде. Юань бағамы 68,69 теңгеден 71,58 теңгеге дейін жетеді.

Айта кетейік, 14 сәуірдегі сауда нәтижесінде доллар бағамы керісінше 1,92 теңгеге өсіп, 476,97 теңгені көрсеткен еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button