Халықаралық саясат деген қызық қой: бір жағынан құттықтау, екінші жағынан келіссөз, арасында мұнай да жүр. Барлығы бір сапарда шешіле салса жақсы еді, бірақ өмір сонша қарапайым емес. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.
Корея президентінің арнайы өкілі, Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шик Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, оны қыркүйек айында Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне шақырды.
Сапар барысында ол Корея президенті Ли Чжэ Мёңнің Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен референдумның табысты өтуіне байланысты құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, Корея тарапы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ түрлі салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.
Кездесу кезінде тараптар қазіргі жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Кан Хун Шиктің айтуынша, Корея президенті Тоқаевты ресми сапармен келуге және алдағы саммитке қатысуға шақырған. Мемлекет басшысы бұл шақыруды қабыл алды.
Сондай-ақ, Корея Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің бұзылуына байланысты шикізат тапшылығын сезініп отыр. Осыған байланысты Сеул Қазақстанмен мұнай және нафта жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізуге мүдделі. Кан Хун Шик бұл сапар аясында Қазақстаннан бөлек Сауд Арабиясы мен Оманға да баруды жоспарлап отыр.



