Әлеумет және қоғамБілімЖаңалықтар

Түркістан облысында оқушылар мұғалімнің көзінше карта ойнаған (ВИДЕО)

Түркістан облысында мектеп қабырғасында карта ойнаған оқушыларға қатысты білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиғаның видеосын заңгер Айгүл Орынбек жариялады.

«Мынау – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы мектептерінің біріндегі жағдай.

Сабақ өтіп жатыр ма десең — жоқ. Балалар карта ойнап отыр.

Мұғалімдердің деңгейі — жылда тексеріліп отыру керек. Әйтпесе осылай өсек айтып отыратындар көп!

Президент Әкімшілігі назар аударыңыздар! Дәл осы видеоны Президентке көрсетіңіздер!

Бүгін мектепте карта ойнаған бала, ертең заңды да, елді де ойыншық көреді. Сондықтан үндемей отыру — қылмыс», — деп жазды заңгер.

Өз кезегінде білім басқармасы аталған келеңсіз жағдайды ең алдымен өздері анықтағанын алға тартты.

Ведомство мәліметінше, жағдайды жасыру немесе бүркемелеу әрекеті болған жоқ және болмайды.

Арнайы жұмысшы топ құрылып, мектептегі жағдай жедел әрі толық тексерілді.

«Зерделеу нәтижесінде білім беру процесіне қойылатын талаптардың сақталмауына және білім беру стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталды», — делінген мәлімдемеде.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button