Жаңалықтар

Венгриялық компания Қазақстанда жем шығаратын зауыт салуды көздеп отыр

 

Басқарма төрағасы Руслан Ибраимов венгриялық UBM Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жылдық қуаттылығы кемінде 200 мың тонна құрайтын жем зауытын салу мүмкіндігін талқылады.

UBM Group өкілі, доктор Питер Золтан Қазақстанның стратегиялық орналасуын, қолайлы жағдайларын және шикізат ресурстарының қолжетімділігін ескере отырып, өндірісті іске қосудың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Ол компанияның Қазақстандағы мал шаруашылығындағы өндіріс пен басқару жүйесін дамытуға елеулі үлес қосуға дайын екенін баса айтты.

UBM Group Венгриядағы құрама жемнің жетекші өндірушісі болып саналады, сонымен қатар мал шаруашылығымен және астық саудасымен айналысады. Компания құрамына 18 еншілес ұйым кіреді, олардың өнімдері 15 елге экспортталады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close