Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті

Фото: ашық дереккөз

Өзінің балалары мен туысын құтқармақ болған ер адам да суға кеткен.

Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kzақпараттық порталы.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адам батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам.

Айта кетейік, ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды.

ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close