Жаңалықтар

Мемлекеттік ғимараттарды жармақ болған террорист сотталды

Фото: ҰҚК

Кісі өлтірді деп сотталған Ақтау тұрғыны Маңғыстауда мемлекеттік мекемелерді жарып жібермек болды, деп хабарлайды  qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау қалалық соты лаңкестік әрекет жасады және терроризмді насихаттады деп айыпталған қала тұрғынына үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтағандай, лаңкестік әрекетті жүзеге асыру үшін ол қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жасалған компоненттерді сатып алған.

 

«Соның ішінде зақымдайтын элементтер – болттар мен шегелер. Ол шабуыл нысанасы ретінде Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын таңдады, фото және бейне жазбалар арқылы аумақты зерттеді», – деп нақтылады ҰҚК.

Сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Айтпақшы, сотталушы бұрын адам өлтіргені үшін сотты болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close