Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада автобус апатқа ұшырады

Фото: Astanovka98

Астанада Бараев көшесінде Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобус жарықтандыру бағанасына соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол – көлік оқиғасы кезінде салонда 25-ке жуық жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері анықталуда, тексеру жүргізілуде.

«Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған», – деп хабарлады полиция. «Жол апаты кезінде салонда шамамен 25 жолаушы болған. Жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close