Жаңалықтар
Депутат қоғамның болашағына алаңдайтынын айтты

Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақ қоғамының болашағы алаңдататынын айтып, ұсыныс жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
30 жылда кеткен кемістіктерге назар аудармасақ, ертеңімізге апат болып келуі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани дағдарысқа ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түпкірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды. Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті, — деп айтты Зайытов.
Депутат өзімшілдік пен менмендік қоғамның басты індеті болып тұрғанын жеткізді.
Бүгін ойланбасақ, ертең кеш болмақ. Сондықтан, кешіктірмей идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді бастау керек, — деп есептейді ол.