Жаңалықтар
Қазақстандық кәсіпорынға 55 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы өңірдегі экологиялық жағдайды бақылау барысында «ГРЭС Топар» ЖШС тарапынан заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Топар кентінде жүргізілген тексеру барысында кәсіпорынның суару және күл үйінділерінің учаскелерін кезең-кезеңмен құрғату кезінде экологиялық талаптарды сақтамауы салдарынан ауаның шамадан тыс шаңдануы тіркелді.
Қарағанды облысының Экология департаментіне «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 26-бабына сәйкес тексеру жүргізу туралы талап жолданды.
Экология департаменті жүргізген тексеру заң бұзушылық фактілерін растады. Күл үйіндісін рекультивациялау қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілгені анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша «ГРЭС Топар» ЖШС-ға 55 миллион теңге айыппұл салынды.