
Авиакомпаниялар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді.
«Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтады», — делінген мәлімдемеде.
Осыған байланысты оларға 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — деп хабарлады министрлік.



