Әлеумет және қоғам

Астанада 30 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірді

Фото: envato

Астанада 30 жастағы қыз жанжал кезінде анасына пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.

Әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті өз үйінен табылған. Көп ұзамай қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның 30 жастағы қызы ұсталды. Полиция дерегінше, екеуінің арасында жанжал шығып, қыз ашумен анасына пышақ сұққан.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады қалалық ПД.

Айта кетейік, 18 тамызға қараған түні Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы қаза тапты

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close