Жаңалықтар

Шымкент әкімі қос чемпионға жаңа көлік пен пәтер сыйлады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықаралық аренада ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген ағайынды Сабырхандарға демеушілер есебінен Toyota Camry 80 маркалы жеңіл көлік, ал әкесіне Changan ХМ автокөлігін тарту етті. Сондай-ақ, қос Әлем чемпионына пәтер сертификаттарын сыйлады, деп хабарлады qandastar.kz.

Айта кетсек, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді. Дүбірлі додада ағайынды Сабырхандар ел намысын қорғап, Қазақстан туын көтерді. Махмұд Төрехан тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды.

– Ерік-жігер, тәртіп пен спортқа деген адалдық осындай нәтижелерге жетелейді. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды шабыттандырады және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады, — деді қала әкімі.

Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына алтын салған ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға осылай Шымкентте құрмет көрсетілді.

Back to top button