
Түркістанда жасалған биіктігі 4 метр 60 сантиметрлік сәукеле Global Book of Records кітабына тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz
Киелі бұйым 31 түркі халқының ою-өрнегімен безендіріліп, оған ұзындығы 560 метрлік жамылғы тігілген.
Тарихи шараға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, рекордты көпшілік алдында жариялады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан аса ана куә болды.