Жаңалықтар

Павел Дуров: Шетелдіктер Қазақстанға әйел алуға келеді

Фото:  Президент баспасөз қызметі

Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан астанасына арнайы келіп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазды qandastar.kz

Форум сахнасында сөз сөйлеген Дуров өзінің сапарына қатысты әзіл де айтты:

«Шетелдіктер Қазақстанға әйел алуға келеді, ал мен жасанды интеллект орталығын ашуға келдім», – деді ол.

Бұл мәлімдеме форум қатысушылары арасында күлкі туғызып, жылы қабылданды. Дегенмен, әзіл астарында маңызды жаңалық жатқаны анық: Telegram негізін қалаушысы елімізде жасанды интеллект саласына инвестиция салуға ниетті екенін білдірді.

Digital Bridge форумына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, шараның маңыздылығын атап өтті.

Форум аясында әлемдік деңгейдегі бірқатар сарапшылар да сөз сөйледі. Олардың қатарында Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының басшысы Ли Кай-Фу, Google сарапшысы әрі Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері Питер Норвиг, G42 International бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури және Стэнфорд профессоры Илья Стербулаев бар.

Digital Bridge —  технология мен инновацияны тоғыстыратын алаң ретінде танылып келеді. Форум аясында жасанды интеллект, стартаптар экожүйесі, инвестициялар және цифрлық трансформация тақырыптары кеңінен талқылануда.

Back to top button