Жаңалықтар

Қазақстанда жасанды интеллект орталығы ашылады

Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Telegram Астанадағы Alem.Ai. жасанды интеллект орталығында ЖИ-зертханасын ашады. Бұл туралы Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Дуров бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсені ашқанын еске салды. Айтуынша, оның нәтижелері жаман емес.

«Бүгін мен Alem.Ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасының ашылатынын жариялап отырғаныма қуаныштымын. Бұл Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютер кластерінің коллаборациясы болады.  Ол Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен дәл осы Қазақстанда іске қосылады», — деді Дуров Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда Telegram-да блокчейн мен жасанды интеллект негізінде  жаңа технология әзірленген.

«Бұл технология әлемнің бір миллиардтан астам адамына генерацияланатын жасанды интеллект функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Back to top button