Жаңалықтар

Аймағамбетов экс-министрдің отставкасына қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Аймағамбетов экс-министрдің отставкасына пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz

Асхат Аймағамбетов экс-министрді тек жағымды қырынан сипаттап, оның кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Айтуынша, Бейсембаевпен ұзақ жылдар бойы әртүрлі деңгейде бірге жұмыс істеген.

«Ғани мырзамен біраз уақыт бірге еңбек еттік. Министр болған кезімде оны өз командама шақырдым. Ұлттық оқулық орталығы, Ы. Алтынсарин атындағы институт, министрлік —  осы құрылымдардың барлығында ол адал әрі жауапкершілікпен жұмыс істеді. Мен оны тек жақсы жағынан білемін. Теріс баға беруге негіз жоқ. Оның еңбегіне түпкілікті бағаны мұғалімдер мен Мемлекет басшысы береді. Өз атымнан алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», — деді депутат.

Аймағамбетовтің пікірінше, Бейсембаев білім беру жүйесінің түрлі буынында шыңдалған маман, сондықтан оның еңбегіне берілетін баға да жан-жақты әрі әділ болуға тиіс.

Back to top button