Жаңалықтар

Оралда 15 пен 16 жастағы екі қызды көлік қағып кетті

Фото: egov.kz

Оқиға Орал қаласындағы Назарбаев даңғылында Chevrolet Cobalt пен Changan көліктерінің соқтығысуынан болған. Жол апатында 15 пен 16 жастағы екі қыз және 29 жастағы әйел жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады qandastar.kz.

Полицияның мәліметінше, апатқа алдын ала себепкер болған Chevrolet Cobalt жүргізушісі қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Back to top button