
Фото: ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалар арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты заңсыз шығару ісі бойынша үш күдіктіні іздестіруде, деп хабарлайды qandastar.kz
Іздестіріліп жатқан азаматтар:
- Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
- Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т.
- Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.
Олар жалған медициналық құжаттар арқылы 46 миллиард теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ-дан заңсыз шығару схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелген 7 стоматологиялық клиника іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген.
Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Күдіктілердің бірі Аслан Дүйсенов бұрын полиция қызметкері болған. Ол 2016 жылы ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 362-бабы (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Егер сіз бұл азаматтардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігінің кезекші бөліміне келесі нөмір арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (7172) 70 84 78