
Коллаж Orda.kz
Қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған жазбасымен танылған кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа түсті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі – «әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша айыпталып отыр.
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты істі қарауға қабылдады. Басты сот отырысы 14 қазан күні сағат 10:30-да ашық түрде өтеді.
Еске салайық, Мұхамадиева Threads желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қорлайтын пікір жазып, кейін екі айға қамауға алынған болатын.