
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан жастар құрамасының футболшыларына ашық сын айтты, деп жазды qandastar.kz
9 қазан күні Қазақстанның жастар құрамасы сырт алаңда Андорраға 0:1 есебімен ұтылған болатын. Осы жеңілістен кейін Хамитов kzsports сайтының Instagram парақшасында футболшыларға қатаң пікір білдіріп, «Мен 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп ескерткен едім! Маған сенбедіңдер!» деп жазды.
Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынға алған болатын.
Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы үш матчтың біреуін ұтып, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінде бесінші орынға түсіп отыр.