Жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Фото: Видеоскрин

Белгілі блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды. Бұл туралы ол өз парақшасында жазып, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті.

Айжұлдыз босанғаннан кейінгі алғашқы жазбасында отбасына алғысын білдіріп, перзентінің аман-есен өмірге келгенін айтты.

«Біз сені ұзақ күттік, бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. 24/7 қасымнан табылған жан жарыма рақмет», – деп жазды ол Instagram желісінде.

Желі қолданушылары танымал жұпты жылы лебіздермен құттықтап, жас ана мен нәрестеге зор денсаулық тіледі.

«Бауыр берік болсын!», «Қандай қуанышты жаңалық!», «Әдемі жұп, сіздер үшін қуаныштымын», «Сылдырмақ аға болыпты!», «Аман болыңыздар, Алла мықты денсаулық берсін», деген пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова – отандық әлеуметтік желі кеңістігінде кең танылған блогер, шығармашылық жобалар мен актрисалық жұмыстарымен де белгілі жан.

Back to top button