Жаңалықтар

«Орыс тілінде жауап берген ыңғайлы»: Мәжілісте депутат пен шенеунік сөзге келіп қалды

Мәжілісте астық тасымалдау мәселелері талқыланған жиында депутат Аманжол Әлтаев ҚТЖ өкілі Дайыр Көшеровтен қазақ тілінде сөйлеуін талап етеміп деп шенеунікпен текетіресіп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Депутат өз сөзінде мемлекеттік тілде қойылған сұраққа мемлекеттік тілде жауап беруін сұрады. Алайда ҚТЖ өкілі орыс тілінде жауап берген ыңғайлы екенін алға тартып, мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартты.

– Сізге менің қазақ тілі деңгейім керек пе, әлде сұрағыңызға жауабым маңызды ма? Маған орыс тілінде сөйлеген ыңғайлы, – деді ол.

Алайда Дайыр Көшеровтың жауабы желі қолданушыларына жақпай қалған секілді. «Осындай басшылардан не үміт, не қайыр, өз ыңғайын ойлайтын», «Өз тілін менсінбейтін адамның өз еліне жаны ашитынына күмәнім бар», «Осылай талап етуіміз керек», «Мемлекеттік тілімізді құрметтеу маңызды, мәжілісте отыр ма қазақ емес, мемлекеттік тілде сөйлесін, ыңғайлы тілде емес» деп жарыса жазды.

Back to top button