Жаңалықтар

Жалған ақпарат тарамасын: Айдос Үкібай Назарбаеваның жағдайына қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Кеңсесінің басшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Сара Назарбаеваның денсаулығы мен орналасқан жеріне қатысты тараған шындыққа сай келмейтін ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлады qandastar.kz.

«Сәуір айынан бері ол Алматыдағы Президент істері басқармасы Медорталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес және отандық мамандардың бақылауымен жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.

Айдос Үкібай қоғамды этикалық нормаларды сақтауға және Сара Алпысқызының есімін жалған ақпарат тарату немесе өзіне назар аударту мақсатында пайдаланбауға шақырды.

Back to top button