Жаңалықтар

Атырауда қоқысқа толы пәтерден кішкентай бала табылды

Атырау қаласында СЭС қызметкерлері антисанитариялық жағдайда өмір сүріп жатқан отбасын анықтады. Тексеру кезінде қоқысқа толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай бала табылған, деп хабарлады qandastar.kz.

Оқиға Привокзальный ықшам ауданында болған. Тұрғындар үйден шыққан сасық иіс пен лас жағдайға бірнеше рет шағым түсірген. Мамандар келген кезде пәтердің қабырғалары көгеріп, кіреберіс пен бөлмелер қалдықтарға толып кеткенін көрген.

«Мамандардың өздері де көрініске таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. Бала сол ортада өмір сүріп келген», — делінген ақпаратта.

Полиция отбасы мүшелерін пәтерден шығарып, баланы әлеуметтік қызметтердің қамқорлығына тапсырды.
Дәрігерлердің айтуынша, пәтер иесінде «Плюшкин синдромы» — қажетсіз заттарды жинай беретін психологиялық ауытқушылық белгілері болуы мүмкін.

Қазір оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, ал редакция ресми түсініктеме алу үшін құзырлы органдарға сұрау жолдаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button