
Атырауда жаяу жүргіншіні қағу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атырау қаласында жасөспірімді көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 6 сәуір күні сағат 07:45 шамасында болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 52 жастағы Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.
Өкінішке қарай, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстау маңызды екені назарға салынды.



