Астанада сауда орталығында іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz
Сот дерегінше, 21 қазан күні ер адам қалалық сауда үйінде қолына плакат ұстап, “Маған пәтер сыйла” деп айқайлап, жұрттың көзінше іш киіммен жүгірген. Оның бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған.
Іс материалдарында айыпталушының кінәсі бейнежазба, хаттама және өзінің түсініктемелерімен дәлелденген. Сотта ол кінәсін мойындап, пәтер ұтысына қатысу үшін осындай қадамға барғанын және ісіне өкініш білдіргенін айтқан.
Нәтижесінде сот ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның танымал блогер Mellstroy (Андрей Бурим) ұйымдастырған пәтер ұтысына қатысқысы келгені белгілі болған.



