ЖаңалықтарСпорт

Полиция белгілі спортшыны қамауға алды

Полиция мотивациялық эфирлер өткізіп, әлеуметтік желіде “Мотиватор” ретінде белгілі спортшы әрі жаттықтырушы Ануарбек Бекембетовті ұстады. Бұл туралы qandastar.kz хабарлайды.

Мониторинг барысында тәртіп сақшылары ер адамның агрессия мен дөрекілік көрсетіп, балағат сөздер айтып, өзін “күшті әрі батыл” етіп бейнелеген видеосын анықтаған.

Тексеру нәтижесінде Бекембетовтің әрекеттері шынайы емес, көрермен назарын аудару мақсатында арнайы қойылған “қойылым” екені белгілі болды. Ол түсірілімнің мақсаты — желіде қаралым мен танымалдық жинау болғанын мойындады.

Аталған факті бойынша ұсақ бұзақылық бабы аясында әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен “Мотиватор” 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция өкілдері қоғамда агрессия, дөрекілік пен жалған “күш” көрсету үлгі болмауы тиіс екенін қатаң ескертті. Мұндай әрекеттер, әсіресе спортшылар тарапынан, жастардың сана-сезіміне теріс әсер етіп, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіреді.

ІІМ интернеттегі агрессия, әдепсіздік пен зорлықты насихаттау арқылы танылуға тырысқан кез келген әрекетті заң аясында анықтап, тоқтатуды жалғастыратынын мәлімдеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button