2,1 миллион жазылушысы бар ресейлік блогер Эльмира Ілиясова әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды қорлайтын пікір айтқаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бірнеше күн бойы Threads платформасында (парақшасы — elle_happy_mom) Ілиясованың жазбасына қатысты талқылау толастамай тұр. Дау блогердің оқырмандарымен өткізген «сұрақ-жауап» сәтінде айтқан сөзіне байланысты шыққан.
Сол кезде ол: «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу — қалыпты құбылысқа айналды» деген пікір білдірген. Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Көптеген қазақстандықтар блогердің сөзін қорлайтын және стереотипке толы деп бағалап, әлеуметтік желілерде оны айыптаған пікірлерін қалдыруда.



