Алматы қаласында үш Қытай азаматы бірнеше жеке үйге кіріп, тұрғындарды тонағаны белгілі болды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Письма президенту Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындардың шағымынан кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді тауып, ұстады.
Алайда арна авторы «күдіктілер өздерін кінәлі деп таныса да, құқық қорғау органдары оларды күтпеген жерден босатып, елден шығуына мүмкіндік берген» деп жазды.



