Қазақстандық отбасы Pinduoduo маркетплейсінен ойыншық тасбақаларға тапсырыс берген. Алайда ойыншық емес, тапсырыспен тірі тасбақалар «жеткен». Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі pressauz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бастапқыда олар кәдімгі пластик ойыншықтар келеді деп ойлаған. Алайда сәлемдемені ашқанда балалар тірі тасбақаларға тап болды, олар қорап ішінде қозғалып, қолдарында қимылдай бастаған.
Желі қолданушылары бұл жағдайға таңданыстарын білдіріп, осындай тапсырыстардың салдарын ескеруге шақырып жатыр.



