Жаңалықтар

19 жастағы жігіт танысу сайтында қызбен танысамын деп ақшасынан айрылды

Қарағанды қаласында танысу сайтында қызбен таныспақ болған жас жігіт алаяқтардың құрбанына айналды, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 жастағы азамат интернеттегі таныстықты шынайы кездесу деп ойлап, белгісіз адамдарға ақша аударған. Алайда, бұл әрекетінің артында алаяқтық схема тұрғаны анықталды.

Құқық қорғау органдары жедел шаралар жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді. Олар Қарағанды қаласының 20 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері азаматтарды интернетте танысқанда барынша сақ болуға, бейтаныс адамдармен байланыс орнатуда қырағылық танытуға шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button