Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бейнеуде әскери жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды

Бейнеу полигонындағы қайғылы оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі тергеу комиссиясын құрды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

17 ақпан күні Маңғыстау облысындағы Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде сарбаз оқ жарақатын алып, оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтау шаралары жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі басшысының тапсырмасымен оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған арнайы комиссия жіберілді.

Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button