Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов егіз қыздарымен бірге түскен суретін жариялап, бала тәрбиесі жөніндегі ойымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Қыз өсіру – жауапкершілік емес, миссия.
Біз әдемі қыз емес, тәрбиелі әйел өсіреміз.
Өйткені бір қыз — бір әулеттің болашағы», — деп жазды кәсіпкер.
Желі қолданушылары оның сөзіне қолдау білдіріп жатыр.
«Не деген керемет сөздер десеңші», «Әкесінің аманатары берекесі», «Қыздарыңның бақытын көруге Алла жар болсын айналайындар» және «Дұрыс айтасыз» деп жазып жатыр олар.



