Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Вашингтонға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар ел көшбасшыларымен және Америка Құрама Штаттары-тың ресми тұлғаларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізеді.

Сапар бағдарламасының маңызды бөліктерінің бірі – АҚШ-та тұрып жатқан және білім алып жүрген қазақстандықтармен кездесу болды.

Президент жастармен еркін форматта әңгімелесіп, елдің болашағын қалыптастыратын өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты.

«Мемлекет жастарға әрдайым қолдау көрсетеді. Сіздердің жан-жақты дамуларыңызға, білім алып, әлеуеттеріңізді толық жүзеге асыруларыңызға барлық жағдай жасалады», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент наурыз айында өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның тарихи маңызын атап өтіп, оның ел болашағы үшін шешуші кезең болатынын жеткізді.

Кездесу соңында студенттер мен жас зерттеушілер ғылым мен білім саласына көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, ел дамуына үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button