Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Түркістанда ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған

Түркістанда өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Сотталушы өзінің бүйрегін сату мақсатында 2025 жылдың ақпан айында «Телеграмм» әлеуметтік желісі арқылы жарнамалап, нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаушы ішкі істер органдарының қызметкері «А» есімді тұлғамен жолығып, 13 млн. теңге қаражатқа сататынын келісіп, содан 5 млн. теңге ақша қаражатын қолма-қол арқылы алу барысында ұсталған», — делінген мәлімдемеде.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын, сол себепті өзінің ағзасын сатуды жоспарлағанын көрсетіп, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.

Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button