Әлеумет және қоғам

20 ақпанда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

OpenWeather болжамына сәйкес, Астанада аяз күшейеді, Алматыда жауын-шашынсыз ала бұлтты күн күтіледі, ал Шымкентте күн ашық әрі жылы болады.

20 ақпанда еліміздің үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады деп хабарлайды qandastar.kz OpenWeather порталына сілтеп.

Алматы қаласында күн жауын-шашынсыз, ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +15

Мысық. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

градусқа дейін көтерілсе, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3,3 м/с болады.

Астана қаласында күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -11 градусқа дейін түсіп, түнде -23 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с деңгейінде сақталады.

Ал Шымкент қаласында күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынса, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с шамасында болады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button