Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады, деректі qandastar.kz сайты сол ақпаратқа сілтеме жасап жария етті.
Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,700 ұпаймен бесінші, ал Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпаймен алтыншы орын алып, финалға өтті.
Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай жинап, сегізінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.
Жарыстың финалдық сайыстары 21–22 ақпан күндері өтеді.
