22 ақпанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жариялаған, осы дерекке сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.
Синоптиктердің дерегінше, Алматыда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с шамасында болады.
Астанада қар жауады. Күндіз -3 градусқа дейін жылынса, түнде -13 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 9,3 м/с-қа жетеді.
Шымкентте күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.

