Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс — Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Онда Қордың 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың мәліметінше, газды тасымалдау бір жылда 9%-ға, жүк айналымы 5%-ға, мұнай мен газ конденсатын өндіру 3%-ға өскен.

2025 жылғы бағалау бойынша Қордың кірісі 19,1 трлн теңгені, EBITDA 5,4 трлн теңгені, таза пайда 2,1 трлн теңгені құрады.

Басқарудағы активтер $88 млрд-қа дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға өскені атап өтілді.

Өсім инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және таза пайданы ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Нұрлан Жақыпов Кеңес мүшелеріне 2026 жылы еліміздің ЖІӨ-нің өсіміне оң әсер ететін жоспарланған инвестициялық шығындар 5,3 трлн теңгені (2025 жылы – 2,7 трлн теңге, 2024 жылы – 2 трлн теңге) құрайтынын хабарлады.

Бұл қаражатқа жаңа қуаттарды іске қосуға көзделген, олардың ішінде Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Түркістандағы БГҚ, Каспий теңізінің түбіндегі Транскаспий талшықты-оптикалық желісі және тағы басқалар бар.

Премьер-министр Қор басшылығына ірі жобалардың жүзеге асырылуын күнделікті тікелей бақылауда ұстауды тапсырды.

«Базалық инфрақұрылымды: энергетикалық, көліктік, цифрлық инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалар ерекше бақылауды талап етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button