Әлеумет және қоғам

Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған балалар саны артты

Елде аутизммен тіркелген балалар саны 21 мыңнан асып, соңғы 5 жылда 5 есе көбейген. Мамандар аутизмді ерте анықтаудың маңызын атап өтіп, бұл балаларға дер кезінде қолдау көрсету қажет екенін айтады.

Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған балалар саны 21 мыңнан асты. Соңғы бес жыл ішінде бұл көрсеткіш шамамен бес есе өскен. Алайда аутистік спектрдің нақты себептері әлі толық зерттелмеген, бұл туралы Qandastar.kz сайты qazaqstan.tv порталына сілтеме жасап хабарлады

Мамандардың айтуынша, аутизм – жай ғана медициналық диагноз емес, ол баланың дамуына, қарым-қатынас жасауына және қоғамға бейімделуіне әсер ететін күрделі ерекшелік. Осыған байланысты 2 сәуір әлем бойынша аутизм туралы ақпарат тарату күні ретінде белгіленген.

Аутизм ауру емес, даму ерекшелігі болып саналады. Сондықтан оны ерте анықтап, арнайы қолдау көрсету өте маңызды. Дегенмен, көптеген отбасылар бұл мәселемен жалғыз күресуге мәжбүр, бұл үлкен қиындық туғызады.

Әлемдік статистикаға сәйкес, әр 100 баланың біреуі аутизммен өмірге келеді. Қазақстанда да бұл көрсеткіш өсіп келеді. Мамандар ерте диагностика баланың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button