Спорт

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында ширек финалға шықты

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Тайпей өкілін сенімді түрде жеңіп, Азия чемпионатының ширек финалына өтті. Келесі жекпе-жекте ол қырғызстандық қарсыласымен кездеседі.

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Ол 65 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Тайпей спортшысы Ю Линге қарсы шығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы нәтижемен қазақстандық боксшы жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Ертуған Зейнуллинов қырғызстандық Мирзохид Имамназаров қарсыласымен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов та ширек финалға өткен болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button