Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашпақ болды (ВИДЕО)

Астанада жасөспірімнің Tesla тізгіндеп, полициядан қашуға әрекет жасағаны қоғам назарын аудартты.

Оқиға жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнген нақты қатер ретінде бағаланып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 14 жастағы жеткіншек жол ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемеген.

Ол көлікпен қашып кетпек болғанымен, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, жасөспірімді тоқтатты.

Көлік арнайы айыптұраққа жеткізілді. Салонда оның тағы бір кәмелетке толмаған досы болған.

Тексеру барысында бұл автокөліктің бұған дейін де, нақтырақ айтқанда 2026 жылдың наурыз айында бірнеше мәрте жол ережесін бұзғаны анықталды. Бұл дерек құқық қорғау органдарының бақылауды күшейтуіне негіз болды.

Аталған факті бойынша жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару және көлікті куәлігі жоқ адамға беру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Құзырлы органдар ата-аналарға кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін берудің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертіп, мұндай жағдайлардың алдын алуға шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button