ЖаңалықтарМәдениет

Ақын Танагөз Толқынқызына қатысты іс жабылды

Астанада ақын Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру ісі тоқтатылды.

Құқық қорғау органдары оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін таппаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл жаңалықты журналистің өзі әлеуметтік желі арқылы жариялады. Ол адвокаттарымен бірге полицияға барып, барлық сұрақтарға жауап бергенін айтты.

«Бүгін менің адвокаттарым маған тексеру нәтижиесінде қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамының білгілері анықталмағандықтан, іс номенклатуралық есепке жіберілгенін хабарлады», – деп жазды журналист Facebook желісінде.

Іс кезінде қаржылық қиындықтарға тап болған автор оқырмандарына жүгінуге мәжбүр болған.

Оның кітаптары қысқа уақытта толық сатылып кеткен.

«Осыған орай, адвокат жалдау шығындарын көтеруге менің кітаптарымды сатып алған барлық оқырмандарыма шексіз разылығымды білдіремін. Басыма іс түскенде олар маған моральдық та, материалдық та көмек берді», – дейді Танагөз Толқынқызы.

Автордың айтуынша, бұл жағдай оның өзіне де күтпеген қолдау болған.

«Бұл өзім үшін күтпеген үлкен жаңалық болды. Халық бұлай бір жағыма шығысып, қолдап кетеді деп, шынымды айтайын, күткен жоқпын. Енді менде сататын кітап жоқ», – деп жазды желідегі парақшасына.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button