Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Түркияда қазақстандық қарулы шабуылдан қаза тапты

Түркияда Қазақстан азаматы қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұм жеке компанияда курьер болып жұмыс істеген.

Белгісіз тұлғалар оны көшеде атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған дерек бойынша түрік құқық қорғау органдары жедел әрекетке көшіп, күдікті ретінде екі адамды Едирне қаласында ұстаған.

Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, қажетті қолдау көрсетуде.

«Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл оқиға бақылауда», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі таңда Түркияның құзырлы органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button