Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

19 құрам, 15 пойыз: Астана LRT жобасы кешенді сынаққа кірісті

Астанада LRT толық автоматты режимде кешенді сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі жаңа кезеңге өтті: жоба аясында барлық 19 құрам бір мезетте қатыстырылған кешенді сынақтар басталды.

Сынақ жұмыстары толық автоматтандырылған GOA4 деңгейінде, яғни машинистің араласуынсыз жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мамандар пойыздардың нақты қозғалыс кестесін модельдеумен айналысып жатыр.

Сонымен қатар жолаушыларды отырғызу және түсіру үдерістері, стансалардағы тоқтау уақыты, сондай-ақ жүйенің негізгі операциялық көрсеткіштері жан-жақты тексерілуде.

Жүргізіліп жатқан сынақтардың нәтижелері LRT жүйесін қосымша баптауға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде жобаның тұрақты пайдалануға берілгеннен кейін қауіпсіз, сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, елордаға барлығы 19 құрам жеткізілген.

Жоба толық іске қосылған кезде желіде 15 пойыз тұрақты қатынайды, ал қалғандары резервтік қор ретінде пайдаланылмақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button