Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Зейнетақыдан ақша шығарып берем» деген алаяқ сотталды

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында зейнетақы жинағынан ақша алып беруге уәде еткен алаяққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Іс материалдарына сүйенсек, 2025 жылдың тамыз бен қараша айлары аралығында күдікті жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, оның зейнетақы қорындағы қаражатын “шешіп беруге көмектесемін” деп алдаған.

Заңды тәртіптен бейхабар жәбірленуші оның сөзіне сеніп, қызметі үшін ақша аударуға келіскен.

Нәтижесінде әйел 4,8 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылған. Алаяқ бұл қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ал жәбірленуші тарап онымен татуласқанын айтқанымен, келтірілген шығын толық өтелмегенін жеткізді.

Сот шешімімен күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған пробациялық бақылау белгіленді.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жаза айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button