
Жамбыл облысында екі мектеп оқушысының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында болған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта екі жасөспірімнің денесі қорадан табылғаны айтылды.
Полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті.
«Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары басталды», – деп мәлімдеді полицейлер.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



