Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Жетісу облысында ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз ұрып тастаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 3 наурыз күні Ақсу ауданы Суықсай ауылында болған.

Желідегі ақпарат бойынша, үйдің ауласында 49 жастағы ер адам мас күйде әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген.

Әйел ескерту жасаған кезде, ол күрекпен ұрып, бірнеше рет соққы берген, оның ішінде басынан да ұрған.

Оны тек балалардың айқайына жиналған ауыл тұрғындары тоқтата алған.

Жәбірленуші ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.

Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — дейді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button