Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Майқайыңдағы сұмдық оқиға: екі мәйітке қатысты тергеу жалғасып жатыр

Павлодар облысының полициясы Майқайың кентінде табылған екі мумияланған мәйітке қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» және «Мәйітті және жерлеу орындарын қорлау» баптары аясында жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары қолға алынған.

Атап айтқанда, сот-психологиялық және психиатриялық сараптамалар тағайындалған.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары, соның ішінде сот-психологиялық және психиатриялық сараптамалар жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Екі әйел арнайы психиатриялық диспансерде емделуде. Кәмелетке толмаған бала тексеруден кейін Екібастұз қаласының мемлекеттік балалар мекемесіне орналастырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Еске сала кетейік, аталған жағдай 2026 жылдың ақпан айында белгілі болды. Майқайың кентіндегі екі пәтерлі тұрғын үйде бір отбасы тұрған. Тергеу деректеріне сәйкес, бір бөлігінде марқұм әйел мен оның әкесі, ал екінші бөлігінде қайтыс болған әйелдің қызы мен ер адамның жұбайы тұрған.

Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button