
Орал қаласының тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, үйінен ақшасы мен бағалы заттарының ұрланғанын хабарлаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, үйіне келген кезде мүлкінің жоғалғанын байқаған.
«Тексеру барысында белгісіз тұлға тұрғын үйге еркін кіріп, 900 мың теңге көлеміндегі ақшасын, сондай-ақ алтын әшекей бұйымдарды — сақина мен алқаны ұрлап кеткені анықталды.
Сонымен қатар Dyson шаш кептіргіші қолды болған.
Жалпы келтірілген шығын шамамен 2 млн теңгені құрады», — делінген мәлімдемеде.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.
Ол — жәбірленушінің 22 жастағы туысы болып шықты.
Бұған дейін ол жәбірленушінің үйінде тұрған және үйдің кілттері болған.
Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.
Шаш кептіргіш иесіне қайтарылды. Ал алтын бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізгені анықталды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.


